Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды •

    Таразда 12 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

    Тараз дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 келіден асатын кесек шашты алып шықты, — деп хабарлайды Qazaq.today Zakon.kz cілтеме жасап.

    Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде Тараздың 12 жастағы тұрғынына сирек диагноз қойылып, соның салдарынан асқазанда шаш кесегі (трихобезоар) жиналды.

    Анасының айтуынша, қыздың кейінгі 6 айда іші жиі ауырған, тәбеті төмендеген, салмақ жоғалтқан. Олар емханаға гастроэнтерологқа барып, ем алған. Алайда нәтиже болмаған соң Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы балалар хирургына консультация алу үшін жүгінген, ауруханада арнайы зерттеп-қараудан (УДЗ, іш қуысының КТ, ФГДЭС) өткеннен кейін асқазанда бөгде зат табылды. Қыз шұғыл емдеуге түсті.

    «Пациенттің асқазанынан шамамен 1,2 келі бөгде зат – трихобезоара (шаш кесегі) алынды. Мамандардың білігінің арқасында ішкі ағзаларға зақым келтірместен асқазан-ішек жолдарының тұтастығын сақтап қалған. Қазір қыз отадан кейін қалпына келіп жатыр».

    Анасының айтуынша, қыздың кішкентай кезінен шашты, жүннен жасалған бұйымдарды жұтатын әдеті болған.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →