Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    «Ақысы күніне 1 бөтелке арақ»: Шымкентте анасы қызын ішімдік үшін кафеге тастап кеткен

    Шымкентте жасы 23 келсе де әлі күнге дейін бірде-бір әріп танымайтын, тіпті қолында ешбір құжаты жоқ бойжеткен тұрып жатыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Бойжеткен ешқашан мектеп табалдырығын аттамаған. Тіпті өзінің атын да жаза алмайды. Автордың жазуынша, анасы ішімдікке салынып, әртүрлі еркектермен көңіл қосуды әдетке айналдырған.

    «Анам бір ішсе домалап құлап жатады, 2-3 айлап үй көрмейді. Сол кезде өгей әкелеріммен қаламын. Әсіресе, Исахан деген көкемен ұзақ тұрды. Басында жақсы аға сияқты болған, артынан тек мені ұратын, талай мәрте мазақ етті. Басымды жарды, үстелді үстіме лақтырды, далаға теуіп шығарды», — деп есіне алады бойжеткен.

    Жас қыз анасының арақ ішуі үшін күні бойы тегін жұмыс істеуге мәжбүр болған.

    «Анасы қызын “Сәтті” деген кафеге беріп кеткен. Таңғы 5-тен түнгі 2-ге дейін жұмыс істепті, сол жақта қонады. «Ақысы шешеңе күніне 1 бутылка арақ» деген. Мұның бәрі бұрын емес дәл бүгін көз алдымызда болып жатқан оқиғалар. Осыдан 4 жыл бұрын 19 жасар қыз ақыры бір өлім деп әкесінің туыстары барын естіп Шымкентке қашып келеді. Содан бері не өзгерді дейсіз бе, ештеме», — деп жазды Гүлмира Әбіқай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →