Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky клипі плагиат дауына тап болды • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky клипі плагиат дауына тап болды •

    Астанада автобус апатында 2 аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі

    Астанада автобус апатында 2 аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі

    Әкім Жеңіс Қасымбек екі аяғынан айырылған қыздың отбасына неге бармағанын түсіндірді — әкімдік үй беруге уәде етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған мектеп оқушысының отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтып, өз басымен не себепті бармағанын түсіндірді.

    Оның сөзінше, оқиға болған сәттен бастап зардап шеккен қыздың отбасы әкімдік назарында. Бұл отбасыға әкімнің орынбасарлары бірнеше рет барып, жағдайларын бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, балалар омбудсмені де отбасыға арнайы жолыққан.

    «Менің орынбасарым кеше де, бүгін де сол отбасыда болды. Жалғыз мен бармадым деп, әкімдік бұл мәселені назардан тыс қалдырды деуге болмайды. Қаржылай көмек ретінде сақтандыру төлемі 20 миллион теңгеге жуық. Бұған қосымша әкімдік тарапынан 10 миллион теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Ең бастысы — біз бұл отбасыға баспана мәселесін шешіп беруді мойнымызға аламыз. Бұл — ресми уәде», — деді қала әкімі.

    Әкім өз тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтып, отбасының қазіргі жағдайын ескеріп әрекет етіп жатқанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →