Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шерзат Болат өлімі: Айыпталуышыларға сот үкімі шықты (ВИДЕО)

    Шерзат Болат өлімі: Айыпталуышыларға сот үкімі шықты (ВИДЕО)

    Қоғамда резонанс тудырған Талғардағы қанды оқиға Шерзат Болат өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бүгін, 5 маусымда, Талдықорған қаласындағы сотта Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша судья Жанұзақов сот үкімін оқыды.

    – Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеуді; 

    – Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;

    – Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

    – Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

    – Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 9 жыл;

    – Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

    – Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;

    – Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

    – Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.

    Естеріңізге сала кетсек прокурор Дана Сәрсенбай айыпталушылардың әрекеттеріне жеке-жеке тоқталып өткен еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →