Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • «Іс сотқа беріледі»: Роза коуч пен белгілі уағызшының арасында дау туды • Түркиядан экстрадицияланған атыраулық хакерге 12 эпизод бойынша айып тағылды • 1 қазаннан бастап не өзгереді? • Алматы тауларында жоғалған шетелдік қарт үшінші тәуліктен бері іздестіріліп жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • «Іс сотқа беріледі»: Роза коуч пен белгілі уағызшының арасында дау туды • Түркиядан экстрадицияланған атыраулық хакерге 12 эпизод бойынша айып тағылды • 1 қазаннан бастап не өзгереді? • Алматы тауларында жоғалған шетелдік қарт үшінші тәуліктен бері іздестіріліп жатыр •

    Антикор ірі көлемдегі парамен ұсталған Абылай Мырзахметов туралы мән-жайды айтты

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктеледі. Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген Антикор хабарламасында.

    Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →