Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жоғалған баланың денесі ашық құдықтан табылды • Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды • Ақмола облысында жоғалған баланың денесі ашық құдықтан табылды • Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды •

    Келіншегі 20 жылдыққа барған: Әйелін ат құйрығына байлап өлтірген қызғаншақ күйеу қамауға алынды

    Келіншегі 20 жылдыққа барған: Әйелін ат құйрығына байлап өлтірген қызғаншақ күйеу қамауға алынды

    Қызғаншақ күйеу 20 жылдыққа барып, сыныптастарымен кезедскен келіншегін ат құйрығына байлап, жауыздықпен өлтірді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қайғылы жағдай Қырғызстанда болған. Ош облысының Өзген ауданында 40 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан өлтірді. Күдікті қолға түсті. Бұл туралы Ош облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

    Марқұмның анасы 20 жылдыққа барып, бір еркектің қолын ұстамай, боянбай, сыланбай барған қызымды өлтірді деп отыр. Байғұс ана қолымнан келсе күйеубаланы өртеп тастар едім дейді.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс қызғаныш себептерінен орын алған. Олардың айтуынша, күдікті әйелін мектептегі сыныптастар кездесуіне барғаннан кейін бұрынғы сыныптасынан қызғанып, соққыға жыққан және оқ атқан.

    — A. B. әйелін ұрып-соғып, кейін оған оқ атқан, – деп нақтылады ішкі істер басқармасында.

    Ош облысының Өзген аудандық ішкі істер бөліміне 26 мамыр күні Кара-Кульджин ауданында тұратын 1987 жылы туған А. Э. есімді әйелдің жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →