Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты •

    Toyota Ресейдегі зауытын жапты: Қазақстанға келетін Camry мен RAV4 азаяды

    3 наурызға қараған түні Toyota Motor Ресейге Toyota және Lexus автокөліктерін жеткізуді доғарғанын хабарлады. Бұл хабарлама компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.Today сайты Kolesa басылымына сілтеме жасап.

    Сонымен қатар 4 наурызда Camry седаны мен RAV4 кроссоверін шығаратын Санкт-Петербургтегі зауыттың жұмысы тоқтайды.

    Аталған зауытта өндірілген машиналар Қазақстан нарығына жеткізіледі. Былтыр біздің елде 5.6 мың Camry және 3.2 мыңға жуық RAV4 өтті. Бұл — елде сатылған Toyota көліктерінің тең жартысынан астамы.

    Toyota өкілдері аймақтағы логистика желісі бұзылғандықтан шектеу енгізілгенін мәлімдеді.

    Анықтама ретінде: Toyota көліктері Қазақстанға Ресейден бөлек тағы бірнеше елден жеткізіледі. Атап айтқанда, Land Cruiser Prado мен Land Cruiser 300 Жапониядан, Corolla мен C-HR Түркиядан, Hilux Таиландтан, Highlander АҚШ-тан әкелінеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →