Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО) Оралда сегіз жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды Ақтауда студенттерді алдап, миллион теңгеге дейін ақша алған ер адам сотталды Қазақстанда 14 тамызда ауа сапасының нашарлауы күтіледі Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 финалында Ига Швентектен жеңілді Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО) Оралда сегіз жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды Ақтауда студенттерді алдап, миллион теңгеге дейін ақша алған ер адам сотталды Қазақстанда 14 тамызда ауа сапасының нашарлауы күтіледі Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 финалында Ига Швентектен жеңілді Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды

    «Билікке жаққан әнші»: Танымал журналист Димаш Құдайбергенді сынады

    «Билікке жаққан әнші»: Танымал журналист Димаш Құдайбергенді сынады

    Фото: фейсбук/Гульнара Бажкенова

    Танымал журналист Гүлнәр Бажкенова өзінің Facebook-тегі парақшасында әнші Димаштың шығармашылығына сын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Димаш қазір 31-де. Осыған орай Астанада «міне, біз мәдениет пен өнер қайраткерлерін де құрметтейміз!» деген бағыттағы нағыз тұлғаға табынушылық басталып кеткендей. Димаш билікке жаққан әнші және ол орынды. Ол талантты, кішіпейіл. Сонымен қатар, халықтың тұтас бөлігі оны жақсы көреді, оның концерттерінде стадиондар лық толы. Жастар үшін тамаша үлгі. Алайда, уақыт өтіп барады. 31 жаста, үміт күтер уақыты өтті, Димашқа енді болашаққа стратегия құру жағын ойланатын кез келді», — деп жазды ол. 

    Журналист әншінің әуесқой ән байқаулары мен Нью-Йорктегі концертте (Тұрсыновтың фильмдері сияқты мемлекет есебінен жасалған) жеңіске жеткеннен кейінгі алысқа самғау мезгілі әлдеқашан өткенін айтады.

    «Қазақстандықтар Димашты әлемдік жұлдыз деп сүйіспеншілікпен атайды, бірақ оның өзі және оның продюсерлері, егер бар болса, бұлай емес екенін жақсы біледі. Өз Отанында үлкен әртіс болып қалу үшін бұдан әрі не істеу керектігін ойланатын уақыт келді. Димаштың өз репертуары ешқашан болған емес. Барлығы-кавер нұсқалар. Композитор Игорь Крутоймен ынтымақтастық дұрыс болды ма, жоқ па, білмеймін, әйтеуір, ұзаққа бармай аяқталды. Бірде-бір альбом немесе сингл шыққан жоқ. Димаштың оқиғасы ұзаққа созылған экспозицияға, шексіз уәдеге ұқсайды. Барлығы бір нәрсені күтеді және алайда, ол күткен дүние жетер емес. Енді болмайды да, — дейді ол.

    Бажкенова Димашқа елге оралу керек, саммиттерде ән айту үшін емес, нағыз артист болып тарихта қалу үшін оралу керек, деп есептейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →