Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған • Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған •

    «Байтақ» жасылдар партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртай орнынан түсірілді

    Азаматхан Әміртай партия қатарынан шығарылды. Ол осы уақытқа дейін «Байтақ» жасылдар партиясының саяси жетекшісі болып келген еді, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Саяси партия жуырда өткен Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлау науқанына қатысып, жеңіліп қалған болатын. Ең аз дауыс жинаған саяси партияның арасында келіпсеушілік болып, ақыры оның төрағасын партия мүшелері орнынан алып тастады.

    Сонымен қатар Азаматхан Әміртай партия қатарынан да қуылды.

    «6 мамырда Алматыда «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы Саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда партия көшбасшысы Азаматхан Әміртай партия қатарынан шығарылды. Кезектен тыс жиын өткізуге Азаматхан Әміртайдың «Байтақ» партиясының беделін түсіріп, оның мүддесіне нұқсан келтіретін, партия жарғысына, партиялық жолдастық қағидаттарына және адамгершілік қарым-қатынас нормаларына қайшы келетін бірқатар мәлімдесі мен әрекеттері себеп болды»,-делінген хабарламада.

    Мерекеге қарамастан кезектен тыс кеңес өткізген байтақтықтар бүгін тағы мәлімдеме жасамақ.

    «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы филиалының төрағасы Бейбіт Әпсенбетов бастаған топ саяси партияның ахуалы жайында жиын өткізбек. Баспасөз мәслихаты Қазақстан баспасөз клубында өтеді.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →