Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған • Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған •

    Конфессияаралық келісімді нығайтатын заң жобасы мақұлданды

    Мәжілістің жалпы отырысында «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы  мақұлданды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов аталған келісімге былтыр Рим папасы келгенде қол қойылғанын айтты.

    «Бүгінгі заң жобасы – «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы  келісімге қосымша келісімді ратификациялау туралы». Бұл келісімге Рим папасы Францисктің Қазақстанға былтырғы іссапары барысында қол қойылды. Аталған шарт католик шіркеуі қызметкерлерінің санатын, тиісті субъектілерін және құзыретті органдарын нақтылайды, тұрақты тұру тәртібі жеңілдейді. Атап айтқанда, банк шотында ақша болуы, тұратын жерін растау туралы талаптар алынып тасталады. Олардың орнына католик шіркеуінің жазбаша растауы жеткілікті болады», — деді министр.

    Ол атағандай, аталған ұсыныстар конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықаралық деңгейдегі елімізді құқықтық мемлекет ретінде абыройын арттыруға септігін тигізеді.

    Депутаттар заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →