Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдар Акаевтің өмірбаяны: Троекуров зиратындағы ерекше ескерткіш бейнероликте көрсетілді Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Айдар Акаевтің өмірбаяны: Троекуров зиратындағы ерекше ескерткіш бейнероликте көрсетілді Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

    Египетте қайтыс болған азаматшаның денесі елге бүгін жеткізіледі

    Египетте қайтыс болған азаматшаның денесі елге бүгін жеткізіледі

    Египеттегі әуежайда орын алған қайғылы оқиғада қаза тапқан қазақстандық әйелдің мәйіті бүгін, барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң, елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлімдеді,деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Мәйітті барлық қажетті процедура аяқталғаннан кейін, бүгін елге жеткізу жоспарланып отыр. Менің білуімше, барлық шығынды Египет тарапы көтереді. Сондай-ақ моральдық өтемақы мәселесі де шешілді. Бұдан бөлек, қазақстандық сақтандыру компаниясы іске қосылды», – деді ол.

    Қайғылы оқиға Египеттің азаматтық авиация министрлігінің тікелей бақылауында. Оқиға тіркелген күні-ақ арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.

    ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты Египеттегі консулдық қызмет өкілдерінің жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті. Олар марқұмның отбасымен байланыс орнатып, қажетті заңдық және логистикалық көмек көрсетуде.

    Қайтыс болған азаматшаның денесі бүгін Қазақстанға жеткізіледі. Мемлекеттік органдар мен Египет тарапы бұл істі ерекше бақылауда ұстап отыр. Қос тараптың өзара іс-қимылы нәтижесінде моральдық және қаржылық өтемақы мәселелері шешімін тапты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →