Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Биыл 3,9 млн-нан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды

    Биыл 3,9 млн-нан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды

    Қазақстанда 2024–2025 оқу жылы өз мәресіне жетіп келеді. Еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

    Үкіметтің кезекті отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуына байланысты жоспарланған іс-шаралар туралы мәлімдеді.

    Министрдің айтуынша, оқу жылы «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағатымен қорытындыланады. Сонымен қатар, 11-сынып бітірушілеріне арналған салтанатты шаралар әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен 23-24 мамыр күндері «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтеді.

    Емтихандар мен аттестат тапсыру мерзімдері

    Биылғы оқу жылының қорытынды кезеңінде 9 және 11-сынып оқушылары үшін емтихандар 29 мамыр мен 16 маусым аралығына жоспарланған. Ал аттестаттарды тапсыру рәсімі 18-20 маусым күндері өтеді.

    Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылы 11-сыныпты 217 мыңнан астам түлек аяқтайды. Ал 9-сыныпты бітіруші 364 мың оқушы алдағы уақытта мектепте оқуды жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →