Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты •

    Астанада лифтіде бес жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған жасөспірімнің ісі сотта қаралды

    Астанада лифтіде бес жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған жасөспірімнің ісі сотта қаралды

    Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде бес жасар бүлдіршінді пышақтап тастаған жасөспірімге қатысты іс сотта қаралды.

    Жасөспірім II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұра отырып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған адамның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.

    «Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес К. созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндірген. Мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді.

    ҚК 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

    Сот қаулысына сәйкес, жасөспірімге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», — делінген Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарламасында.

    Айта кетейік, Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастағаны хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →