Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты •

    «Ауыр сөздерін көтере алмадым»: Қызылордада келіні енесін сотқа беріп, жеңіп шықты

    «Ауыр сөздерін көтере алмадым»: Қызылордада келіні енесін сотқа беріп, жеңіп шықты

    Қызылорда облысы Қазалы аудандық соты келіні мен енесіне қатысты әкімшілік істі қараған.

    Аудандық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотқа арызданған келіншек енесінің оған жаман сөздер айтқанын негіз еткен.

    «Сот анықтағандай, енесі келінін сыйламай, оған былапыт сөздер айтып, үйдегі тыныштықты бұзған. Жәбір көрген келіншек енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін айтып, оған жаза қолдануды сұраған», — деп хабарлайды Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі.

    Сотта енесінің кінәсі толық дәлелденген. Қазалы соты әйелді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, ескерту жасаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →