Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сабина Алтынбекова волейболдағы тәртіпсіздікке қарсы шықты • Петропавлда белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адам қайтыс болды • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Сабина Алтынбекова волейболдағы тәртіпсіздікке қарсы шықты • Петропавлда белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адам қайтыс болды • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты •

    «Баянсыз байлық жақсылыққа апармайды»: Тоқаев анасының өсиетін бөлісті

    «Баянсыз байлық жақсылыққа апармайды»: Тоқаев анасының өсиетін бөлісті

    Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің анасы Тұрар Шабарбаева туралы естелігін жариялады. Ол анасының мейірімін, сабырлы мінезін және өмірлік ұстанымдарын ерекше ықыласпен еске алды.

    Тоқаевтың айтуынша, олардың отбасы қарапайым өмір сүрген. Төрт баланы тәрбиелеген анасы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей, үй шаруасымен айналысқан. Жанұяның жалғыз асыраушысы – әкесі. Әкесі қаламақы алған күндері үйде ерекше қуаныш орнайтын. Анасы жас болса да, сән-салтанаттан бас тартып, өмірін толықтай балаларына арнаған.

    –  Әрине, сәнді киініп, әсем әшекейлер таққысы келгені табиғи ғой, алайда бар өмірін перзенттеріне арнап, аналық парызын қысқа ғұмырының ақырына дейін атқарып өтті. Тіпті, қымбат дүниелер алатындай мүмкіндік туған кезде де, өзіне ұнаған заттарды немерелеріне әперумен шектелетін, – деп жазды Тоқаев.

    Президент анасының өмірлік даналығы мен батылдығын ерекше атап өтті. Кеңес Одағы тараған тұста Мәскеуде қалу немесе елге оралу жөніндегі шешімді қабылдау қажет болғанда, анасының: «Әкең тірі болса, саған бірден Қазақстанда қызмет ету керек дер еді» деген сөзі Тоқаев үшін шешуші бағыт берген. Бұл сөз оған бұйрықтай әсер еткенін ол жасырмады.

    Анасы әділдікті бағалап, байлыққа ұмтылған кейбір шенеуніктерге сын көзбен қараған.

    – Шешеміз, әрине, кейбір шенеуніктердің аяқастынан қисапсыз байып шыға келіп жатқанын білді, бірақ мұндай тіршіліктің баянсыз және ақыры жақсылыққа апармайтынын жалықпай айтып отырды, – деді ол.

    Айта кетейік, бүгін, 11 мамырда, Қазақстанда Ана күні тойланып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →