Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Достоевскийдің суреті салынған картина сыйға тартты Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңгені жымқыру ісі бойынша үкім шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Достоевскийдің суреті салынған картина сыйға тартты Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңгені жымқыру ісі бойынша үкім шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды

    Шерзат Болат ісі: Айыпталушының адвокаты ұстау изоляторының басшысын да сотқа шақыруды сұрады

    Шерзат Болат ісі: Айыпталушының адвокаты ұстау изоляторының басшысын да сотқа шақыруды сұрады
    Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Дархан Әскентайдың қорғаушысы сотқа бірнеше өтінішхат түсірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 
    Адвокат Ержанов тергеу барысында Әскентайға қысым көрсетілгенін алға тартып, оқиға орын алғаннан кейін оны тексерген дәрігерлерді сотқа куә ретінде шақыруды сұрады. Оның айтуынша, тергеу кезінде заңсыздықтар орын алып, айыпталушыға медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген.
    «Дархан Әскентайдың бет тұсынан соққы алғаны жөнінде медициналық сараптама Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасында жүргізілген. Бірақ қажетті ем-дом көрсетілмей, жағдайы нашарлаған. Көзінің астындағы сүйегі сынып, көзі іріңдеген. Тергеу кезінде денсаулығы ескерілмей, 28 күн бойы емделмей, жауап алынды. Сондықтан Қонаев қаласындағы уақытша ұстау изоляторының басшысын да сотқа куә ретінде шақыруды сұраймыз», – деді қорғаушы.
    Сонымен қатар жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қаржаубай Нұрымовтың бұған дейінгі жауаптарынан кейін, қорғаушы оның қойған сұрақтарына толық жауап бермегенін айтып, оны қайта тыңдауды және қосымша куә – Әскентайдың жездесі Ринатты да сотқа шақыруды ұсынды.
    Судья Ержан Жанұзақов адвокаттың бірнеше өтінішхатын назарға алып, оларды ашық қалдырды. Алдымен айыпталушы Дархан Әскентайдан жауап алынатынын айтты.15:35

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →