Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды «Асқазаным сыздап, желкеме тас байланғандай»: Гүлзира Айдарбекова қазіргі күйін айтты Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды «Асқазаным сыздап, желкеме тас байланғандай»: Гүлзира Айдарбекова қазіргі күйін айтты Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады

Президент Yandex компаниясының цифрлық трансформацияға қосқан үлесіне жоғары баға берді

Президент Yandex компаниясының цифрлық трансформацияға қосқан үлесіне жоғары баға берді

Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Кездесу барысында Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Бұдан бөлек, мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды. Президент жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.

— Өз кезегінде Даниил Шулейко платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді. 2024 жылы компания елімізге 29,5 миллиард теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған. Сонымен қатар «Яндекс Global» басшысы Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндап, AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады, — делінген хабарламада.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика