Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады

    Шымкентте 7 жастағы бала қоршалмаған шұңқырға құлап, көз жұмды

    Шымкентте 7 жастағы бала қоршалмаған шұңқырға құлап, көз жұмды

    12 сәуір күні Шымкент қаласының Тұран-1 шағынауданында қайғылы оқиға орын алды. Бірінші сыныпта оқитын жеті жасар бала сумен толған, қоршалмаған шұңқырға құлап, мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

    Бала үйден сағат 17:00 шамасында шығып кеткен. Кешке қарай, сағат 22:00 кезінде оның денесі тереңдігі шамамен 2 метр, ұзындығы 4×50 метр болатын шұңқырдан табылды. Шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты тұрғын үйлерге арналған септик құрылысы үшін қазылғанымен, кейін жұмыс тоқтап, аумақ қоршалмаған күйде қалған. Уақыт өте келе шұңқырға ағынды су жиналып, ол қауіпті жағдайға айналған, — делінген материалда.

    Жергілікті тұрғындар бұл аумақтың қауіпті екенін бірнеше рет жауапты мекемелерге хабарлағанымен, ешқандай шара қолданылмаған. Айта кетейік, аталған шұңқырдың маңында мектеп пен балабақша орналасқан, бұл ата-аналардың алаңдаушылығын арттыра түседі.

    Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →