Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды •

    «Медресеге садақа деп зарлап жүр еді»: Танымал уағызшы зәулім мейрамхана ашып алды (ВИДЕО)

    «Медресеге садақа деп зарлап жүр еді»: Танымал уағызшы зәулім мейрамхана ашып алды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    ​Қазақстандық уағызшы Қабылбек Жұмабеков Алматы қаласында «OTAU» атты жаңа халал мейрамханасын ашты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Мейрамхана қазақы нақышта безендіріліп, ашылу салтанатында шапан киген адамдар домбыра шертіп, ұлттық өнерді насихаттады.​

    Алайда, бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туғызды. Кейбір қолданушылар уағызшының мұндай ірі кәсіпті бастауына таңданыс білдіріп, сын-пікірлерін жазды.

    Мысалы, кейбірі «Имамдарда ақша жоқ дейсіңдер, ал көріңдер» деп пікір қалдырды. Дегенмен, басқа қолданушылар Қабылбек Жұмабековтің бұл бастамасын қолдап, кәсіпкерлікпен айналысуын құптады.​

    Айта кету керек, Қабылбек Жұмабеков бұған дейін «Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деген пікірімен танылған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →