Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын»: Серік Шәріп кінәсін мойындап, кешірім сұрады (ВИДЕО)

    «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын»: Серік Шәріп кінәсін мойындап, кешірім сұрады (ВИДЕО)

    Актер Серік Шәріп кешегі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол instagram парақшасында видео жүктеп, кінәсін мойындады.

    Ол өз сөзін «мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» деп бастады.

    «Өкінішке қарай кешегі видеодан менің Әлия Бутееваны лифтіден жұлқып шығарғанымды көрдіңіздер. Мен бұл әрекетімді жоққа шығармаймын. Мен қателік жасадым. Мен заң алдында жауап беріп, тиісті жазаны алуға дайынмын. Ұрыс кезіндегі ашу сезімі баршаңызға таныс шығар. Менің қателігімді қайталап, қол көтермеңіздер! Мен оның бетінен шапалақпен ұрғаным үшін Әлия Бутеевадан, оның отбасынан кешірім сұраймын», — деді актер.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Sharip Serik (@shakentii)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →