Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы аман алып шықты Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады Қарағандыда құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы аман алып шықты Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады

    «Талай хоррор көрдім»: Әнші Say Mo Шакентидан көрген қорлығын тізіп шықты

    «Талай хоррор көрдім»: Әнші Say Mo Шакентидан көрген қорлығын тізіп шықты

    Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембек те бұрыншы күйеуі, актер Шакентиден жәбір көрген болып шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әнші Instagram-дағы парақшасында «оқиғаның қайталанып жатқаны өкінішті, бірақ шынымды айтсам, оның бұл әрекетіне таңғалып отырған жоқпын» деп жазды.

    Оның сөзінше, абьюзерлердің эгосы жоғары, олар өз кінәсін мойындай алмайды және  өздерінің әрекетін қате деп санамайды. Сондықтан мұндай адамдар ешқашан өзгермейді. Өйткені, олардың пікірінше, олар ең идеалды.

    Ол танымал коуч Роза Әшірбаеваға жазған хатын жариялады.

    «Роза ханым, шынымды айтсам, мүлде таңғалып отырған жоқпын. Ол жігіттен 5 жыл бұрын талай хоррор көріп едім. Әлі күнге дейін терапия алып жүрмін. Менде сол кезде қолымда дәлел болмағандықтан, осы тақырыпты ашық қозғауға қорыққан едім. Себебі оның анасы адвокат. Бір жағынан мені бәрі кінәлап, кейбір таныстарым одан бетер менен кері бұрылған», — делінген хатында.

    Ол Шакенти «Вавилон» тұрғын үй кешенінің алдында қол көтергені есінде екенін жазды. Бірақ Say Mo тұрғын үйдің видеосын ала алмаған көрінеді.

    «Сол түні әрі қарай не болғанын айтып бастасам, ұзақ және қорқынышқа толы әңгіме. Айтайын дегенім, қыздардың көбі «ол маған бұлай жасамайды», «мен оны өзгертемін» деп ойлайды. Бірақ көріп отырғанымыз осы…», – деді Say Mo.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →