Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    «Жетістігіңді көре алмайды»: Қайрат Нұртастың анасы Ұлықпан Жолдасов жайлы айтты

    «Жетістігіңді көре алмайды»: Қайрат Нұртастың анасы Ұлықпан Жолдасов жайлы айтты

    Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова бұрын жақын араласқан достарының көбімен қазір қарым-қатынасы суып кеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Продюсер блогер Анар Батырханға берген сұхбатында алдымен Қайрат Нұртастың достары және өзінің бір кездері араласқан ортасы жайлы айтып өтті.

    «Қайратта дос жоқ. Дос біреу-екеу болуы мүмкін. 40 адам болса, ішінде біреу-ақ. Мен оны өзіне де айтамын. «Қайрат, сенде дос жоқ» деймін. Бұрын туған күнімді үшке бөліп жасайтынмын. Ол кезде Қайрат кішкентай болатын. Сонда Ұлықпан Жолдасовтарды, Жанатбектерді шақырып, туған күнімді жасаймын. Сонда әпкем айтатын, «Гүлзира, ертең осылардың бәрі жоқ болады қасыңда. Біреуінің бала-шағасының проблемасы болады, біреуінің өз проблемасы болады немесе араласуға ұялатын болады. Өйткені, жетістігіңді көре алмайды. Солай барлығы тарап кетті. Сонда бір-екі досың қалса қуан дейтін. Шынымен, бұрын 50 досым болса, қазір соның бір-екеуі ғана қалды.

    Біреу танылып жатса, оны біреу аяқтан шалып жатады. Ал өзін құрбан ретінде көрсетіп, жылап шықса, оны халық аяп, қатты өсіреді. Солай ажырасамын деп күйеуін жамандау болады», — дейді Гүлзира Айдарбекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →