Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

    «Мың рет тағы айтамын»: Баян Мақсатқызы өзіне еліктейтіндерге үн қатты

    «Мың рет тағы айтамын»: Баян Мақсатқызы өзіне еліктейтіндерге үн қатты

    Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінен үлгі алмауды өтінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі журналист Дана Нұржігітпен сұхбатында өзін ешкімге үлгі еткісі келмейтінін жасырмады. Айтылған пікірлер тек адамның жеке көзқарасы екенін атап өтті.

    “Мен мұны мың рет айттым. Мың рет тағы да айта аламын. Ешқандай жағдайда мені үлгі тұтпаңыздар. Маған бұл керек емес. Мен тек өз өмірімді сүріп жүрмін. Ешкімді мені оқуға, маған жазылуға мәжбүрлеген емеспін. Өмір сүруді үйреткен жоқпын. Ешкімге «мен сияқты болыңдар» деп айтқан емеспін. Бірақ адамдарға менің өмірім қызық. Тіпті өзіме де өз өмірім қызық», – деді актриса.

    Сондай-ақ қоғамда қызу талқыға түскен сәлем салу дәстүріне қатысты да пікір білдірді.

    “Сәлем салу менің ДНҚ-мда жоқ нәрсе. Біздің Оралда сәлем берген емес. Мен ондайды көрмедім. Қандай проблема екенін түсінбей тұрмын. Мен шындықты айттым. Орал қаласында ешқашан сәлем беру болған емес. Бәлкім атам немесе әкем маған оны үйретпеген шығар. Бірақ бұл мәселеде ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Неге сәлем салу керекпіз? Үлкен адамды сәлем салмай-ақ құрметтеуге болады ғой. “Сәлем бердік, қалыңыз қалай, бәрі дұрыс па?” деп сұраймын. Көп адамды құрметтеймін. Жасын да, кәрісін де құрметтеймін. Мен жақсы тәрбие алып өскен адаммын”, – деді Баян Алагөзова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →