Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты тың дерек шықты

    Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты тың дерек шықты

    Фото: vk.com

    Астанада танымал әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот басталды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Сот кабинетіндегі мәлімет бойынша, әншінің экс-күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр.

    Қазіргі таңда іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының өндірісіне қабылдауға жіберілген.

    Басты сот отырысы 13 наурызда сағат 11.00-ге белгіленген. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратында жалпы тәртіпте ашық сот отырысында қаралған.

    “Сот отырысы сотталушы мен оның қорғаушысы, мемлекеттік айыптаушының қатысуымен орыс тілінде өтеді, сотталушы Қажмұханұлы Аңсарға қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушыны қамауда ұстау мерзімі қылмыстық істі қарау аяқталғанға дейін ұзартылады”, – делінген сот кабинетінде.

    Еске салайық, әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялаған еді.

    “Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті іздеуді жүргізіп жатыр”, – деп жазды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →