Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Барша қазақстандықтарға ауыр тиеді» – заңгер Ержан Есімханов ҚҚС өсімі туралы (ВИДЕО)

    «Барша қазақстандықтарға ауыр тиеді» – заңгер Ержан Есімханов ҚҚС өсімі туралы (ВИДЕО)

    Фото: Instagram / Ержан Есимханов

    Жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құн салығын 12-ден 15-20 пайызға дейін арттыру қарастырылған. Заңгер әрі блогер Ержан Есімханов мұндай шешім бизнес пен түпкі тұтынушыларға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today апарат порталы.

    «Үкімет екі негізгі нәрсені ұсынып отыр: ҚҚС-ты 20%-ға дейін көтеру (қазір ол 12%) және ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету (қазіргі уақытта ол шамамен 78 млн теңге). Бұл кімге тиімді? 

    Біз ҚҚС екі операция түріне – айналымға және импортқа енгіземіз. Яғни, елге импортталатын затты әкелсеңіз, ҚҚС төлеу керек. Бізде барлығы дерлік импортталады – дәл қазір киіп жүрген киіміңізден бастап осыны оқып отырған смартфонға дейін. ҚҚС көтеріледі – импортталатынның бәрі қымбаттайды. ҚҚС 8%-ға өседі – импорттың бәрі сәйкесінше қымбаттайды. Егер жаңа заң күшіне енсе импорттық өнім әлдеқайда қымбатырақ болады», — деді заңгер.

    Оның айтуынша, үкімет ұсынып отырған шаралар – ҚҚС-ты 12%-дан 20%-ға арттыру және ҚҚС бойынша тіркеу шегін 78 млн теңгеден 15 млн-ға дейін төмендету – ел экономикасы үшін өте қате шешім болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →