Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады

    Ақтөбелік келіншек он бірінші баласын дүниеге әкелді

    Ақтөбелік келіншек он бірінші баласын дүниеге әкелді

    Ақтөбеде 39 жастағы әйел он бірінші баласын аман-есен босанды – енді үлкен отбасында жеті ұл мен төрт қыз бар, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

    Мнаура Мұқтарова мен оның ұлы Хантөрені перзентханадан шығарды. Отбасыдағы он бірінші бала 3,7 келі, 57 сантиметр болып дүниеге келді. Былтыр көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен баспана алған.

    «Мен бақытты анамын. Үлкен ұлдарым – спортшылар. Қызым би үйірмесіне қатысады. Барлығы үшін Аллаға шүкіршілік етемін. 2024 жылдың желтоқсанында көпбалалы отбасы ретінде 10 жыл кезекте тұрып, төрт бөлмелі пәтер алдық. Перзетханадан шыққанымызды жаңа үйде атап өтеміз! Барлық туыстарыма, көршілеріме алғыс айтамын!» – деп қуанышымен бөлісті Ақтөбе тұрғыны.

    Мнаура Мұқтарова – мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алайда қазір мектепте жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, себебі барлық уақытын бала тәрбиесіне арнайды. Балалардың әкесі Айдын Рамазанов перзентханадан шығару рәсіміне қатыса алмады. Ол жүк көлігі жүргізушісі болып жұмыс істейді және қазір сапарда жүр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →