Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты

    Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты

    Фото: sadenov_online

    Түркістан облысында полиция қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Министрдің айтуынша, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитов заң бұзушыны қудалау кезінде қаза болған.

    «Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», — делінген Ержан Сәденовтің жазбасында.

    Осы ретте министр ведомство марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсететілетінін мәлім етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →