Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек Алматыда жыл басынан бері 53 мыңнан астам жұмыс орны құрылды Құрылтайда сауал қоймайтын депутаттар не істейді? «Астананың төрінен бұйырды»: Мөлдір Мұқан қуанышты хабарын сүйіншіледі Өндірістің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі: «Қазақмыс» жабдықтарды жоспарлы жөндеуден өткізуде Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек Алматыда жыл басынан бері 53 мыңнан астам жұмыс орны құрылды Құрылтайда сауал қоймайтын депутаттар не істейді? «Астананың төрінен бұйырды»: Мөлдір Мұқан қуанышты хабарын сүйіншіледі Өндірістің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі: «Қазақмыс» жабдықтарды жоспарлы жөндеуден өткізуде Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды

    Әлемдегі ең қауіпсіз компанияның ұшағы апатты жағдайда қонды

    Әлемдегі ең қауіпсіз компанияның ұшағы апатты жағдайда қонды

    Аустралияның ірі әуе компаниясы Qantas-қа тиесілі Boeing 737 ұшағы Сидней әуежайында ұшқыштардың кабинасының түтіндеуіне байланысты шұғыл қонды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Qantas компаниясының өкілі ұшқыштар мұндай жағдайға жақсы дайындалғандықтан ұшақты сәтті қондырды деп отыр.

    Түтін салонға өтіп үлгермеген. Командир бірден қонуға рұқсат сұраған. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпегені айтылды. Олардың барлығы басқа рейске ауыстырылған.

    Әуе компаниясы олардың техникалық қызметі тексеру жүргізіп, ұшқыштар кабинасында болған жайттың себебін анықтайтындарын алға тартты.

    Айта кетейік, Qantas – әлемдегі ең қауіпсіз тасымалдаушылардың бірі саналады. Ұшақпен байланысты апатта адамдар қаза тапқан соңғы әуе апаты 1951 жылы болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →