Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді •

    Брюссельде екі апта ішінде үшінші рет атыс болды

    Брюссельде екі апта ішінде үшінші рет атыс болды

    Бұл – осы аудандағы 15 күннің аралығында тіркелген үшінші атыс оқиғасы, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Euronews басылымы Бельгияның Андерлехт ауданында болған атыс салдарынан 19 жастағы жас жігіттің қаза тапқанын жазды.

    Қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалап үлгерген, десе де оларды іздестіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Полиция жақын маңдағы бейнебақылау камерасына кемінде бір қаруланған адамның таспаланып қалғанын айтады. Брюссель прокуратурасы тергеу мүддесі үшін «қосымша түсініктеме бермейтінін» мәлімдеген.

    Оқиға «Клемансо» метро станциясына жақын жерде тіркелген. Бұл – екі апта ішінде осы аумақта болған үшінші атыс. Атыстан бір адам қаза тауып, тағы үш адам жарақаттанған.

    Еске салайық, бұған дейін Брюссель прокуроры атыстардың көбею себебін есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың өзара қақтығысымен байланыстырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →