Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Алматыда классикалық музыка кеші өтеді Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Алматыда классикалық музыка кеші өтеді

    Атырауда 19 жастағы жігіт суицид жасамақ болған

    Атырауда 19 жастағы жігіт суицид жасамақ болған

    Атырау қаласында 1 ақпан күні 19 жастағы жас жігіт көпқабатты үйдің шатырына шығып, өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Оны полиция қызметкерлері дер кезінде құтқарып қалды. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Оқиғаның мән-жайы

    Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 102 жедел байланыс орталығына сағат 10:06 шамасында қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол өзінің інісінің суицид жасамақ болғанын хабарлаған.

    Жас жігіт «Алмагүл» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатырына шығып, өмірімен қош айтыспақ болған. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері:

    • Полиция аға лейтенанттары Серік Жолдығалиұлы мен Нұрсұлтан Жақсыбаев,
    • Учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Ерболат Сапашев пен полиция лейтенанты Бағытжан Сабырғалиев
      шұғыл әрекет етіп, жігітті шатырдан аман алып түсті.

    Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр

    Қазіргі таңда жігіттің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны белгісіз. Ол жедел-тергеу тобына тапсырылды. Аталған оқиға бойынша тиісті құжаттар жинақталып жатыр.

    Атыраудағы соңғы төтенше оқиғалар

    Бұған дейін Атыраудағы құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлап, олардың біреуі қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →