Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды

    Ет, сірне, наурыз-көже: Енді әскерилердің ас мәзірінде ұлттық тағамдар болады

    Ет, сірне, наурыз-көже: Енді әскерилердің ас мәзірінде ұлттық тағамдар болады

    Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізуде бастамашы болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 
    Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.

    Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.

    – Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу – бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам, – деп атап өтті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.

    Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген, себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның бастамасы қолдау тапты. Алдағы уақытта осындай жұмыс ортақ күшпен жалғасатын болады.

    Дәстүрлі тағамдар туған жерін, жақын адамдарын еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады деп есептейді әскери медицина және психология саласындағы сарапшылар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →