Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды •

    10 мың жасөспірімнің құқығы қорғалды — Прокуратура

    Жетісу облысында он мыңға жуық оқушының құқығы бұзылған. Құқығы бұзылған жасөспірімдердің мәселесімен прокурорлар айналысып жатыр. Кәмелетке толмаған балалардың құқығын көбінесе денсаулық сақтау ұйымдары ескермеген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі.

    Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін тегін алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыл сайынғы «Скринингтен» өту құқығы заңмен бекітілген. Алайда заңнаманы Жетісу облысының медициналық ұйымдары ескермеген. Денсаулық сақтау басқармасы 6 мыңнан астам кәмелетке толмаған оқушыларды міндетті медициналық тексеруден өткізбеген, балалардың денсаулығы қандай деңгейде екенін анықтамаған.

    «Прокуратураның ден кою актісінің нәтижелері бойынша барлық кәмелетке толмағандар профилактикалық тексеруден өтті.
    Жыл басынан бері облыс прокуратурасының шараларымен 10 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

     

    Qazaq Today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →