Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер Бурабайда өрт қаупіне байланысты тауларға шығуға тыйым салынды «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер Бурабайда өрт қаупіне байланысты тауларға шығуға тыйым салынды «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

    Астанада ұшақтар кешігіп жатыр

    Астанада ұшақтар кешігіп жатыр

    Елордада ұшу-қону жолағы ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    «Бүгін сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды. Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

    Ақпаратта айтылғандай, қазір ұшатын 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, қонатын 68 рейстің 14-і де кешіктірілді. Оның себебі ауа райының қолайсыздығы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.

    «Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты (www.nn-airport.kz) арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады», — деп хабарлайды елорда әуежайы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →