Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды

    Қытайда бір топ адамды қағып кеткен жүргізуші өлім жазасына кесілді

    Қытайда бір топ адамды қағып кеткен жүргізуші өлім жазасына кесілді

    Қытайда 35 адамды әдейі қағып өлтірді деп айыпталған ер адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап BBC хабарлады.

    62 жастағы Фань Вэйцю стадион маңында спортпен айналысып жүрген бір топ адамды көлігімен қағып кеткен. Оқиға салдарынан 43 адам жарақат алып, тағы 35 адам көз жұмған.

    «Қытайда қараша айында көлігімен 35 адамды қағып өлтірді деп айыпталған адам өлім жазасына кесілді», – делінген хабарламада.

    Полиция ер адамды ұстағаннан кейін оны аурухағана жеткізгені жазылған. Себебі күдікті өзіне пышақпен жарақат салған.

    Сотпен анықталғандай, ер адамның қылмысқа баруына әйелімен ажырасқаннан кейінгі жеке өшпенділігі себеп болған. Қылмыс ерекше қатігездікпен жасалып, қоғам үшін өте қауіпті деп танылғандықтан, осындай үкім шығарылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →