Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр «Абызда» жаңа жағдай: «Қазақмыс» кеншілер жатақханасын жөндеуге 126 млн теңге бөлді Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр

    Сақ болыңыздар: Алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы күрт құбылады

    Сақ болыңыздар: Алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы күрт құбылады

    Атлант мұхитынан ығысқан циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Сондықтан қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.

    20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында қатты қар жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында да қар жауады.

    22 қаңтардан бастап күн суытып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:

    • батыста температура 10-20 градус аяз;
      солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;
      орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;
      оңтүстікте 12-25 градус аяз болады;

    «Ел тұрғындарын қатты аяз бен суық ауа райына дайын болуға шақырамыз», — деді синоптиктер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →