Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды Роналду он жылдан кейін Джорджинаға ақыры үйленді «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды Роналду он жылдан кейін Джорджинаға ақыры үйленді

    «Сезгенмін»: Мақпал Исабекова өзін жақын адамдары сатып кеткенін айтты

    «Сезгенмін»: Мақпал Исабекова өзін жақын адамдары сатып кеткенін айтты

    Танымал әнші Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығы туралы айтты. Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы желісіндегі парақшасында жазды.

    «Сатқындық алыстан келмейді. Олар әрқашан жанымызда, кейде соншалықты жақын, біз күтпеген жерден келеді», – дейді әнші.

    Ол барлығын алдын ала сезгенін, бірақ ішкі түйсігіне сенгісі келмегенін атап өтті.

    «Түрлі сылтаумен мені қаралап, артымнан сөз айтып, ғайбаттап, жала жауып, кейін менімен бір дастархан басына жайбарақат отырғандар, мен сіздерді білемін. Мен сезгенмін. Тек мұны осы жасымда ғана түсінгенім өкінішті. Сіздермен араласқан кезім босқа кеткен уақытым болды. Басқалардың өмірін ойламай, тек өз өміріңізлеріңізбен айналысатындай бақытты өмір сүріңіздер. Өйткені, нағыз бақытты адамдар әрқашан мейірімді болады», – дейді Мақпал Исабекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →