Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды •

    Джо Байден президент ретінде соңғы үндеу жолдады

    Джо Байден президент ретінде соңғы үндеу жолдады

    Фото: BBC

    АҚШ президенті қызметінен кетіп жатқан Джо Байден халқына қоштасу сөзін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

    «Қазір Америкада шектен тыс байлық пен билікке ие олигархия қалыптасып жатыр. Бұл біздің барлық демократиямызға, негізгі құқықтарымыз бен бостандықтарымызға қауіп төндіреді», — деді президент.

    17 минуттық сөзінде Дональд Трамптың немесе оның айналасындағылардың атын атамады. Алайда сарапшылар миллиардер Илон Масктың жаңа лауазымы арқылы Трамп әкімшілігіне үлкен әсер етуі мүмкін екенін айтып отыр.

    82 жастағы Байден жасанды интеллекттің қауіп-қатер төндіруі мүмкін екенін ескертті. Бұдан басқа жалған ақпараттың таралуына және қоғамдық пікірді манипуляциялауға қатысты әрекеттерге де алаңдаушылық білдірді.

    Дональд Трамп президент ретінде ант қабылдап, 20 қаңтар күні АҚШ-тың 47-ші президенті қызметіне ресми түрде кірісуі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →