Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі •

    Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде 22 адам қаза болды

    Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде 22 адам қаза болды

    Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде жаппай қыспақта қалған жұрт бірін-бірі таптап, 22 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сенбі күні Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Анамбра штатындағы Окиджа қаласында Рождество мерекесі қарсаңында халыққа азық-түлік пен өсімдік майын таратуға арналған қайырымдылық шарасы өткен. Сол кезде қыспақта қалған 22 адам қаза болды. Мерт болғандар саны бұдан көп болуы мүмкін.

    Анамбра полициясының өкілі Точукву Икенганың айтуынша, зардап шеккен кей адамдар жергілікті ауруханаларда емделіп жатыр. Бірақ олардың нақты саны айтылмады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

    Айта кетейік, жақында Нигерияның Ұлттық полициясының басшысы Кайоде Эгбетокун әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтарға арналған жәрмеңкелер мен басқа да түрлі шаралардың талапқа сай ұйымдастырылмауынан адам өлімі болатынын айтып, қатаң ескерту жасаған еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →