Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі •

    Зеленский тұтқынға түскен Солтүстік Корея сарбаздарын қандай шартпен босататынын айтты

    Зеленский тұтқынға түскен Солтүстік Корея сарбаздарын қандай шартпен босататынын айтты

    Фото: Украина Президентінің баспасөз қызметі

    Тұтқынға алынған әскерилерден жауап алу сәті таспаланған бейнежазба жарияланды.

    Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Курск облысында тұтқынға алынған Солтүстік Корея сарбаздарынан жауап алу сәтін жариялады. Киев оларды Ресей тұтқынындағы украиналық әскерилермен алмастыруға дайын, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Екі солтүстік кореялық сарбаздың суреті Facebook-те жарияланды.

    «Украина қолына түскен Солтүстік Кореяның алғашқы сарбаздарынан бөлек, басқалары да болатыны сөзсіз. Бұл уақыт еншісінде. Украина Ким Чен Ынның адамдарын беруге дайын. Бұл үшін ол өз сарбаздарын Ресейде тұтқында отырған жауынгерлерімізге алмастыруды ұйымдастыра алуы тиіс», – деп жазды Украина басшысы.

    Владимир Зеленский отанына қайтып оралғысы келмейтін КХДР сарбаздары үшін басқа да жолдар қарастырылуы мүмкін екенін айтты.

    «Осы соғыс туралы корей шындығын таратуға ниет білдіргендер осындай мүмкіндікке ие болады», – деді Украина президенті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →