Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі •

    Калифорнияда алапат өрт құрбандарының саны артты

    Калифорнияда алапат өрт құрбандарының саны артты

    АҚШ-тың Калифорния штатында өрт салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты. Бұл туралы ABC News Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама департаментінің есебіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Итон» өртінде 16 адам мен «Палисейдс» өртінде 8 адамның қаза тапқаны расталды», — делінген есепте.

    Палисейдс, Херст және Итон аймағында өрттер жалғасып жатыр.

    АҚШ ауа-райы қызметінің дерегінше, ең қатты жел сейсенбіде болады деп күтілуде.

    Тілсіз жау 1,8 миллионға жуық тұрғыны бар Сан-Фернандо алқабына да таралуы мүмкін.

    Лос-Анджелестегі өрттер 7 қаңтар күні басталып, ең алапат өрттердің біріне айналды. Шамамен 10 мың ғимарат өртенді. 180 мыңға жуық адам эвакуацияланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →