Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    Жеңіл және жүк көлігі соғылды: Павлодар облысындағы ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

    Жеңіл және жүк көлігі соғылды: Павлодар облысындағы ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

    Фото: Полиция департаменті
    Кеше кешкі уақытта Павлодар – Семей бағытындағы автомобиль жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдаранын үш адам ажал құшты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    8 қаңтар күні сағат 21.00-де Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында «Kia Sportage» көлігінің қар жинайтын техниканы басып озып, қарсы жолақта келе жатқан КамАЗ көлігімен соғылды. Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы мерт болды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

    Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға мұндай оқиғалардың алдын алу үшін көлік көп жүретін жерлерде жылдамдық режимін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →