Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған

    Метапневмовирус қауіпті ме: ДДСҰ мәлімдеме жасады

    Метапневмовирус қауіпті ме: ДДСҰ мәлімдеме жасады

    Адам метапневмовирусының (hMPV) таралуы үлкен қауіп әкелмейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    ДДСҰ баспасөз хатшысының айтуынша, Қытайда мұндай инфекциялардың көбеюі маусымдық жағдайлармен тікелей байланысты. Аспан асты елінің ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, тұмау әлі де ең көп таралған аурудың бірі болып отыр.

    Харрис респираторлық инфекциялардың таралу ауқымы қыс мезгілі үшін қалыпты деңгейде екенін баса айтты.

    Адам метапневмовирусы алғаш рет 2001 жылы анықталды. Маргарет Харристің сөзінше, бұл вирус әдетте суық тиюге ұқсас белгілерге ие, бірақ басқа респираторлық инфекциялар сияқты иммунитеті төмен науқастарда, нәрестелерде және егде жастағы адамдарда ауыр өтуі мүмкін.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі метапневмовирустан көз жұмғандар үлесі «өте төмен» екенін айтты. Мамандар қарапайым алдын алу шараларын сақтауға шақырады.

    Фото: rg.ru

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →