Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған

    Неліктен Duolingo тіл үйренуге көмектеспейді

    Неліктен Duolingo тіл үйренуге көмектеспейді

    Duolingo тілді үйренуге кедергі жасай ма? «Уытты» жасыл үкі сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік бермейді

    Duolingo — тіл үйренуге арналған ең танымал платформалардың бірі. Қолданушылар жасыл үкіге ұнауға тырысып, күн сайын қосымшаға кіріп, жаңа ережелер мен сөздерді үйреніп, ұпай жинайды. Алайда бұл әдістің тиімділігіне күмән келтірген Стэнфорд университетінің студент-лингвисі rhea никнеймімен танылған қыз TikTok-та Duolingo-ның кемшіліктерін түсіндірді. Төрт тілде еркін сөйлейтін зерттеуші адам қалай тілге жетік бола алатынын зерттейді.

    Оның айтуынша, Duolingo тілдің сөздері мен грамматикалық ережелерін жаттауға бағытталған, ал бұл тәсіл шынайы өмірде тілді қолдануға көмектеспейді:
    — Duolingo сізге бұны айтқысы келмейді, бірақ грамматикалық ережелерді жаттау тілді үйренуге көмектеспейді. <…> Сөздерді жаттау пайдалы болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл — қақпан. Бұл сізді тығырыққа тіреп, тілді шынайы өмірде қолдану дағдыларынан алшақтатады.

    Сөздерді жаттау мен ережелерді меңгеру тіл үйренуді қиындатады. Оның орнына, тілді күнделікті өмірге енгізу керек.

    — Оның орнына, миыңызды тілде ойлауға үйретіңіз. Мысалы, рөлдік диалогтар жүргізіңіз, суреттерді пайдаланыңыз және оқиғалар құрастырыңыз. Иммерсивті әдістерді қолданып көріңіз: айналаңыздағы заттарды сипаттаңыз, күніңіз жайлы әңгімелеңіз немесе зерттеп жатқан тіліңізде сценарийлер ойластырыңыз. Бұл әдістер миыңызды тілді табиғи жолмен қабылдауға «қайта баптайды».

    Бұл Duolingo мен басқа платформаларды пайдасыз дегенді білдірмейді — тілдік ережелер мен сөздік қорды меңгеру бәрібір маңызды. Бірақ оларды тек қосымша құрал ретінде қолдану керек. Әйтпесе, Duolingo қолданушылары жылдар бойы жетістіктерге жеткенімен, тілде алға жылжи алмай қалуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →