Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді •

    Шығын 700 млн теңге: Шымкентте аудандық аппарат басшысы бюджет қаражатын жымқырған

    Шығын 700 млн теңге: Шымкентте аудандық аппарат басшысы бюджет қаражатын жымқырған

    24.kz

    ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын аяқтады.

    Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы, өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барғаны анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, материалдардың құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен.

    Сонымен қатар, ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелді.

    Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

     

     

     

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →