Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды •

    Елімізде жыртқыш аңдар, жануарлармен цирк сахнасына шығуға тыйым салынады

    Елімізде жыртқыш аңдар, жануарлармен цирк сахнасына шығуға тыйым салынады

    Фото: ашық дереккөз

    Келесі жылдан бастап елімізде жабайы жануарлар арқылы циркте өнер көрсетуге тыйым салынады. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келесі жылы Қазақстанда көшпелі цирктің дәурені аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарлардың көрмесін, көшпелі зоопарк, көшпелі океанариум және тағы басқа іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

    — Сондықтан мен келесі жылдың 1 қаңтарында осы көшпелі цирктердің, хайуанаттар бағының және тағы басқалардың қызметі тоқтайды деп ойлаймын, – деді Ерлан Нысанбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

    Бұған дейін Өзбекстан  жыртқыш аңдардың қойылымдарда өнер көрсетуіне тыйым салынатынын хабарлаған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →