Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті •

    Перизат Қайраттың оқиғасынан кейін Ақтөбе облысындағы қайырымдылық қорлары тексерілді ме?

    Перизат Қайраттың оқиғасынан кейін Ақтөбе облысындағы қайырымдылық қорлары тексерілді ме?

    Фото: instagram.com/01pk

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қайырымдылық қорларына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Су тасқыны кезінде Перизат Қайраттың Instagram желісінде көмек көрсетудің негізгі бағыты Ақтөбе облысында болды. Өңірдегі қайырымдылық қорларының қызметіне тексеріс жүргізіліп жатыр ма?» деп сұрады.

    «Бізде бір қор ашылды. Оның басында облысымызға танымал қоғам белсенділері тұр. Олар барлық жұмысты атқарды. Тиісті қызметтер мониторинг жүргізді. Әрбір іс-әрекет бақылауда, сондықтан тексерістер де болады. Біз әрбір тиынның мақсатты жұмсалғанына көз жеткізуіміз керек. Мұнда қандай да бір мәселе көріп отырған жоқпын. Өңірге келген әрбір гуманитарлық көмек есепке алынып, олардың мақсатты индикаторлары болды», – деді Асхат Шахаров журналистердің сауалына.

    Айта кету керек, осыған дейін 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген блогер Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленгенін жазған болатынбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →