Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Израиль өз тарихында Сирияға ең ауқымды соққылардың бірін  жасады

    Израиль өз тарихында Сирияға ең ауқымды соққылардың бірін  жасады

    Фото: ашық дереккөз

    Бітімгершілік әскері орналасқан Голан жотасына жақындаған Израиль сарбаздары билігі ауысып,  өзара қырқысып жатқан Сирияға жаппай кең ауқымды шабуыл жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Дамашық маңындағы электронды әскери басқармасы,  Акраба маңындағы тікұшақ әуежайы,  Барза ауылындағы және  Жамрадағы ғылыми зерттеу орталығығы,  Хомстың оңтүстігіндегі Шеншар ауданы,  Латакия порты шабуылға ұшырады.

    Одан бөлек Латакиядағы С-300 кешендері,  Масафтағы ғылыми зерттеу орталығы, Әль-Курниш, Әль-Машриф және Раш Шамрадағы әскери қоймалар, Сумейрадағы снаряд қоймасы, Адрадағы қару-жарақ қоймасы өртке оранды. Миг-29 ұшақтары орналасқан Дамашық әскери әуежайы және Тартебтегі “Фудж 54” базасының күл талқаны шықты.

    Өлгендер жайлы мәлімет жоқ. Израиль Сирияның қашып кеткен президенті Башар Асадтан қалған әскери қоймалардың лаңкестердің қолына түсуіне жол бермейтін мәлімдеді.  Таяу Шығыстағы тұрақсыздық қайта белең алып, ойыннан Иран мен Ресей жартылай шығып қалды. Ал АҚШ пен Түркия Сириядағы позициясын күшейтті. Түркия Сирияның 30-35 пайыз аумағына иелік етіп отырған Күрд жасақтарына соққы беріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →