Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Шөп шапқан: Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры сотталды

Шөп шапқан: Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры сотталды

Жетісу облысында Алакөл мемлекеттік қорығының директоры Қ. Әбілқасымов, оның орынбасары Н. Бейсенов және бөлім басшысы Р. Шалапанов сотталды. Олар жергілікті тұрғындардан мемлекеттік қорықтан шөп шапқандары үшін пара алып отырған, деп хабарлайды Qazaq.today.

Антикор мәліметінше, олар қызмет көрсетілетін аумақта заңсыз шөп шабу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпаған. Керісінше, жергілікті тұрғындармен алдын ала сөз байласу арқылы пара алып отырған.

«Әбілқасымов пен Шалапановтың әрқайсысына 10,5 млн теңге, ал Бейсеновке 15,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы үкіммен, Алакөл ауданының тұрғындары О. Булгунчинов мен К. Канагатов аталмыш лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін сәйкесінше 6 млн теңге және 2,2 млн теңге айыппұлға сотталды.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады», — делінген хабарламада.

Сотталғандарға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика