Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оқиға орнынан қашып кеткен: Астанада жүргізуші бір айға қамауға алынды Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы ұсталды Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады Оқиға орнынан қашып кеткен: Астанада жүргізуші бір айға қамауға алынды Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы ұсталды Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады

    Әлемде тағы бір қауіпті вирус таралып жатыр

    Әлемде тағы бір қауіпті вирус таралып жатыр

    АҚШ-тың Калифорния штатында алғаш рет жаңа туған нәрестеден құс тұмауы анықталды. Осыған дейін, вирустың таралуы тек ересек адамдарда кездескен болатын, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат пррталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

    АҚШ-тың Калифорния штатында алғаш рет H5N1 типті құс тұмауы жаңа туған сәбиден анықталды. Инфекция ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі Федералды орталықта расталды. Мамандар баланың инфекцияны қалай жұқтырғанын анықтау үшін, отбасы мүшелерінен сынақтар алды. Нәтиже теріс болды. Дегенмен, өзге де респираторлық вирустар болуы мүмкін дейді дәрігерлер.

    Жалпы жыл басынан бері, құс тұмауын 55 адам жұқтырған. Оның 29-ы Калифорния штатынан анықталды. Осыған қарамастан, халық үшін инфекцияның таралу қаупі төмен болып қала береді, дейді штат билігі.

    Негізінен вирус құстармен және малмен байланыста болатын фермерлер үшін өте қауіпті. Бірер апта бұрын құс тұмауын канадалық жеткіншек жұқтырды. Ол Британдық Колумбия провинциясының тұрғыны. H5N1 вирусын жұқтыру көзі әлі анықталған жоқ, бірақ бала вирусты жұқтырмас бұрын, ит-мысықпен ойнаған. Артынша, бірден қызуы көтеріліп өзін жайсыз сезінген. Көзі қышып, жөтелі ұлғайған соң ауруханаға жатқызылды. Әзірге жағдайы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында.

    Жалпы бұл аймақта жабайы құстар арасында құс тұмауының 26 жағдайы тіркелген. 1960 жылдары ашылған құс тұмауы вирусы ұзақ уақыт бойы адамдарға қауіп төндірмеді. Алайда жағдай 20-ғасырдың аяғында түбегейлі өзгерді. 1997 жылы Қытайдың Гонконг қаласында виурстан алты адам көз жұмды. Содан бері құс тұмауы Азиядан Еуропаға, АҚШ-қа және Африкаға ет-сүт өнімдерін сату арқылы тарады.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, кейінгі 2 онжылдықта 23 елде құс тұмауын 800-ден астам адам жұқтырып, 463 адам қайтыс болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →