Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада 6 мыңнан аса адам заңсыз салынған үйге ақша құйған

    Астанада 6 мыңнан аса адам заңсыз салынған үйге ақша құйған

    Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй кешендерін заңсыз салуға қатысты 16 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бұл ретте 6 мыңнан аса адам заңсыз құрылыс жүргізушілердің мүлкіне ақша құйған болып шықты.

    «Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден астам аяқталмаған құрылыс нысандарын өндіру туралы 8 талап арызын қанағаттандырды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады ведомство.

    Прокуратура рұқсат құжаттары болмаса да үлескерлерден қаражатты заңсыз жинаған Qurmangazy тұрғын үй кешенін қиратуға рұқсат алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →